Жастарға берілген жаңа мүмкіндік

Референдумды қоғамдық қолдаудың республикалық штабы­ның қызметі шеңберінде Қарағанды қаласының Дос­тық үйін­де өңірдегі жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өкіл­­дерімен кездесу өтті.

Іс-шара «Ассамблея жастары» рес­­­пуб­ликалық қоғамдық бірлестігі мен «Ұлттық ерік­тілер же­лісі» заңды тұлғалар бірлес­ті­гінің бастамасымен ұйым­дас­тырылды.

– Референдум өткізудің ма­ңыз­­­дылығы қоғам­ның барлық санат­тарына саяси реформалар­ды жүзеге асыруға қаты­суға мүмкіндік береді. Бұл құралды біздің жастарымыз да толық көлем­де пайдалануы керек. Жаңа Қазақстан бұл жай ғана ұран емес, бұл жаңа қоғам құру қағидаты, – деп атап өтті «Ассамблея жас­тары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев. 

Ол сондай-ақ Жаңа Қазақстанның әсіресе, жастарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын еске салып өтті. Кездесу кезінде Қарағанды облы­сының жастар ұйым­да­ры­ның көш­бас­шы­лары референдум өткізу және Конституцияға түзету ен­гі­зу туралы өз пікірлерімен бө­ліс­ті. Жиынға қатысушылар ре­фор­маны іске асырудағы жас­тар­­дың белсенділігі, Жаңа Қа­з­ақстандағы өзекті мәселе­лер­ді шешу жолдары жайлы ойларын ортаға салып, өздерін қызық­тыр­ған сұрақтарына жауап алды.

Сондай-ақ, қатысушылар «Ассамблея жастары» жастар ұйы­мының #МенРеферен­дум­ғаБарамын хэштегін іске қосу туралы бастамасын қолдап, жастарды әлеуметтік желілерде түсін­ді­ру жұмыстарына қосылуға ша­қырды.

Кездесуге ҚХА мүшесі және жастар ұйымының өңірлік өкіл­ді­гінің көшбасшысы А.Урмашов, жастар ұйымдарының және этномәдени бірлестіктердің жас­тар қанаттарының көшбас­шы­лары да қатысып, еліміздің Кон­ституциясына енгізілетін өзгер­тулер мен толықтырулар туралы кеңінен айтып берді.

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика