Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Cаll орталықтар – 7/24 режімде

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Түркістан облысының Арыс және Шымкент қалаларында іссапарда болып, өңірлердің референдумға дайындығын бақылады.

Сапар аясында қос қалада рефе­рендумға дайындық пен оны өткізу, дауыс беруге арналған учас­келерді материалдық-техни­калық жабдықтау жөніндегі әкім­дік­тер мен аумақтық референдум комиссияларының жұмыс мәселелері қаралған семинар-кеңестер өтті. Аумақтық референдум комиссияларының мүшелері, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың өкілдері, әділет департаментінің, прокуратураның басшылары және БАҚ өкілдері қатыс­қан семинарларда «Қазақ­стан Республикасының Консти­ту­циясына өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізу туралы» заң жобасы, дауыс беру күні БАҚ өкілдерін тіркеу тәртібі, референдум тура­лы заңнаманы бұзғаны үшін жауап­кершілік түсіндірілді.

Кеңесте Нұрлан Әбдіров азамат­тарды ақпараттандыру мә­се­­ле­леріне кеңінен тоқталды. Ал әкімдік өкілдері осы бағытта атқа­рылған жұмыстар туралы жан-жақ­ты баяндады.

Мәселен, Түркістан облысында республикалық референдум туралы ақпарат пен кеңес бе­ре­тін бірыңғай Call орта­лық іске қо­сылды. Бірыңғай Саll орта­лығына хабарласып, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде бар-жоғын тексеріп, сондай-ақ өз учас­кесінің нөмірі мен мекен­жайын нақтылауға болады. Шым­ке­нт қаласында да аптасына 5 күн референдум өткізу бойынша азаматтардың сұрақтарына жауап беретін Cаll орталықтар ұйымдастырылған. Ал 1 маусымнан бастап бұл орталықтар аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат режімге ауыстырылады.

«2 GIS» жүйесінде 1 маусымнан бастап мобильді платформалар үшін қолжетімді болатын «референдум учаскесін іздеу» сервисі қосылады. I-shymkent.kz сайты арқылы сайттағы дауыс берушілер тізімінде тексеру сервисі жұмыс істейді, Telegram-да ishym_bot іске қосылған, осы сервистердің көмегімен әрбір азамат ЖСН теру арқылы референдум бойынша өз учаскесін анықтай алады. Семинарға қатысушылардан келіп түскен барлық сұрақтарға Орталық референдум комиссиясының өкіл­де­рі толық жауап берді.

«Референдум ұйымдастыру мен өткізу бойынша барлық іс-шараға барынша күш салу керек. Дауыс беру күніне екі аптадан аз уақыт қалды. Референдумды өткізуге байланысты барлық ұйымдастырушылық аспектілерді пысықтау қажет», деп атап өтті комиссия төрағасы.

Сонымен қатар кеңесте екі қаладағы 15 учаскеге инс­пек­ция­лық тексеру жүргізіліп, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жағдайлар жасау жұмыстары пысықталды. Учаскелік комиссия мүшелері дауыс беруге арналған үй-жайды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету, мүге­дек­тігі бар сайлаушылар үшін қажетті жағдайлар жасау туралы баяндады. Жиында Нұрлан Әбдіров комиссияларға дауыс беруді және дауыс санау про­цедурасын ұйымдастыру кезін­де қоғамдық бірлестіктердің, халықаралық байқаушылар мен БАҚ өкілдеріне қажетті шолуды қамтамасыз ету қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, ол учаскелердегі барлық ақпараттық-түсіндіру мате­риалдары референдумның бар­лық қатысушыларының, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді және ыңғайлы болуы тиіс екенін атап өтті. «Бұл санаттағы бірде-бір азамат назардан тыс қалмауы тиіс», деп атап өтті Н.Әбдіров.

Учаскелік комиссия мүше­ле­рі­мен кездесу аясында «Дауыс беру күні» атты ойын тәртібін қолдана оты­рып, комиссия мүшелерін да­йындау бойынша оқу тренингі ұйымдастырылды. Тренингтің мақсаты – комиссия мүшелерінің дауыс беру рәсімін игеруі, рефе­рен­думға қатысу құқығы бар аза­м­ат­тардың тізімі, есептен шығару куәліктері, азаматтардың, қо­ғам­дық бірлестіктер өкілде­рі­нің ауыз­ша және жазбаша өтініштерімен жұмыс істеудің тәжірибелік дағ­ды­ла­рын игеру.

Кездесу қорытындысы бо­йынша Нұрлан Әбдіров аумақтық және учаскелік комиссиялардың мүшелеріне бірқатар нақты тапсырма беріп, дауыс беру күні референдумды ұйымдастыру мен өткізу заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін ерекше атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT