Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҚАЖЕТ

Қазіргі таңда елімізде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу сынды мәселелер көкейтесті мәселелердің біріне айналды.

Осы бағытта, аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң - тәртіп пен әділеттіліктің негізі» тақырыбында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен,  жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Ондағы мақсат – жастар арасында құқық бұзушылықтардың және қайта қылмыстың алдын алып және нашақорлықпен күресу болып отыр. Осы орайда, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ризабек Амантайұлы: 

-    Негізінде, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» демекші, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.  Осы бағытта, аудан орталығында Б.Аманшин, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп пен Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясында және де  Қызылқоға, Тасшағыл, Мұқыр, Жангелдин ауылдық округтерінде 7-11 сыныптар арасында кездесу өтті. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кездесу кезінде жасалған қылмысқа берілетін заң аясындағы шараларға тереңірек тоқталса, оқушылар өздеріне қажетті сұрақтарына жауап алды. Бұл кездесу алдағы уақытта жалғасын тауып, барлық ауылдық округтерде өтеді, - дейді. 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521