Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА КЕҢЕС БЕРДІ

Кеше аудан орталығындағы «Мәдина» кафесінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас отбасыларға психологиялық, құқықтық көмек көрсету және жас отбасылардың қарым-қатынасын нығайту мақсатында «Отбасым – байлығым» тақырыбында шара өтті.

zhasotbasy2

Оған аудандағы барлық округтен жас отбасылар қатысты. Шарада алдымен сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин отбасы ұйытқысын сақтауда ер адамның жауапкершілігін сезіне білу керектігін жеткізсе, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бағытжамал Жұмабаева жас келіннің отбасы алдындағы негізгі міндеттерін тізбектеп айтып берді. Ал, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Сәнімгүл Жұбаева жыл басындағы қиылған некелер мен ажырасқан отбасылар туралы мәлімдей отырып, отбасы берекесін сақтаудың амал-тәсілдеріне тоқталды.

zhasotbasy3

Шара барысында, қонақтарға арнайы дастарқан жайылып, «Арман» мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашты. Сондай-ақ, «Zhasproject» жобасының жеңімпазы атанған «Аниматорлар әлемі» тобы балаларға қуанышты көңіл күй сыйласа, Жастар ресурстық орталығының басшысы Қуанышбек Кәрім шараға қатысқан отбасыларға алғыс хат табыс етті.

Нұрәлділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT