Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жасқайраттық тұрғындар да жаңа мүмкіндікті үйренуде

Елімізде төтенше жағдай енгізілгеніне екі айдан астам уақыт өтті.

Сол уақыт ішінде көптеген мекемелердің жұмысы тоқтап, қашықтықтан жұмыс жасауға көшті. Ауыл тұрғындары көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығынан тікелей алатын тұрғындар онлайн режимде үйден алуға мәжбүр болды. Кейбір тұрғындардың ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) арқылы e.gov сайтында қызметтер алса, кейбір тұрғындардың ЭЦҚ қолтаңбасы жоқ немесе e.gov сайты арқылы жұмыс жасауға толық дайын емес екендігін көрсетті. Сол себепті, төтенше жағдай кезінде округ тұрғындарына ЭЦҚ-ны қашықтықтан алуға 56 тұрғынға, бала дүниеге келгенде берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыға және туу туралы куәлік алуға өтініш беру үшін 20 тұрғынға, жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеуге 18 тұрғынға көмек көрсетілді. Төтенше жағдай кезінде тұрғындар ЭЦҚ арқылы үйден шықпай-ақ көптеген қызметтерді онлайн режимде алып, e.gov сайтының жаңа мүмкіндіктерін үйренді.

Ақниет ДӘРІБАЕВ,

Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521