Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жасқайраттағы «Шалқыма» мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Биылғы жаз Ойыл ауылдық округі тұрғындары үшін қуанышты жаңалықпен басталды.

Қуанбағанда қайтсін, қырық жылдан бері жаңармаған «Шалқыма» мәдениет үйіне биыл қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дулат Нығметовтың айтуынша, мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, сараптамадан өткеннен кейін жеңімпаз атанған «Жалынды құрылыс» ЖШС маусым айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстарына кіріскен. 192 миллион 135 мың теңгеге жасалатын жөндеу жұмыстары кезінде мәдениет үйінің ауласы қоршалып, сыртына сахна қойылады.

Сондай-ақ, есік-терезелері, едендері түгел ауысып, жарықтандыру жұмыстары да заманға сай жасалады. Күрделі жөндеудің тағы бір пайдасы – жергілікті жерден 28 адам жұмысқа тартылып, нәпақасын табуда. Жөндеу жұмыстары осы жылдың қараша айында аяқталады деп күтілуде.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521