Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық азамат заңсыз сақтаған қаруы үшін айыппұл төлемек

Қызылқоға аудандық сотының хабарлауынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Ж. ішкі істер органдарында тіркелмеген «БМ» маркалы, екітегіс ұңғылы, 16 калибрлі аңшы қаруын заңсыз сақтаған.

Сотта, Ж. кінәсін мойындап, мылтықтың қайтыс болған әкесінен қалғанын, ішкі істер органында тіркелмегенің, ешқашан қолданып көрмегенін, тіркелмеген қаруды тапсыру керектігін білмегенін айтып, кешірім сұрады.

Атырау облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөлімі маманының балистикалық зерттеу қортындысы бойынша Ж.-дан алынған қару, 16 калибрлі «БМ» моделді тегіс екі ұңғылы аңшы қаруы, атуға жарамды екені көрсетілген.

Сот қаулысымен, азамат Ж. ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған қару тәркілене отырып, оған 38892 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521