Қызылқоға ауданы әкімінің 2020 жылғы 07 тамыздағы №179 өкімімен Жамбыл ауылдық округі әкімінің лауазымына Қабылқайров Медет Мұқтарұлы тағайындалды.
Қабылқайров Медет Мұқтарұлы 1989 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
Білімі – жоғары. 2005 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының колледжін және 2017 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында «Проджект Саппорт Сервисез ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмысшы, құбырмантаждаушы болып бастайды.
2011-2014 жылдары Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратында заңгер кеңесші қызметін атқарады. 2014-2015 жылдары Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығында» маман болып қызмет етеді. 2015-2017 жылдары Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарады.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Миялы ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
2012 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Отбасылы.