Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАЛДАУ АҚЫСЫН АЛМАЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай бойынша мемлекттік комиссияның отырысы кезінде, 20 наурыздан бастап шағын және орта бизнесті жалдау ақысынан босатуды тапсырған болатын.

Тапсырма үкіметке, жергілікті жерлерде атқарушы органдарға, яғни әкімдіктер мен квазимемлекеттік компанияларға жіберілді. Бұл Қазақстанда жарияланған төтенше жағдай кезінде бизнесті қолдау шараларының бірі деп атауға болады.

Бұл ретте, бизнесмендер онлайн мемлекеттік мүлік порталы арқылы жалдау ақысын алуды тоқтата тұру туралы өтініштерін ешқайда бармай-ақ бере алады. Яғни, республикалық және коммуналдық меншік алаңдарын пайдаланғаны үшін жалдау ақысы 90 күн ішінде алынбайды. Бұл үшін бизнесмендер қосымша келісім жасауы және оған электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қол қоюы жеткілікті.

Бүгінгі күні елімізде мемлекеттік тізілім порталының әзірлеушісі және ұстаушысы болып табылатын «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (АЕО) деректері бойынша барлығы қолданыста 8 154 жалға беру шарттары бар. Олардан ай сайын түсетін қаржы көлемі 432 миллион теңгені құрайды. Яғни, бизнес өкілдері үш айда шамамен 1,3 миллиард теңгені төлеуден босатылады. «Ақпараттық - есептеу орталығы» АҚ-на өтінішті қалдырған соң оған электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен қол қоюы үш күндік мерзімнен аспауы керек екендігін ескертеді.

Әйтпесе қосымша келісім жойылады және жалға алушының өтінішті қайтадан беруі талап етіледі. Бұл үшін «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ мамандары өзгерістерді www.gosreestr.kz порталдың функционалына енгізуде.

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521