Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жалған полицейлер күзет компаниясынан миллион доллар бопсалаған

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі алаяқтарды ұстау үшін арнайы операция жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операцияның нәтижесінде өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, күзет фирмасының басшылығынан олардың қаржылық қызметіндегі бұзушылықтар туралы әшкерелейтін материалдарды таратпағаны және жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион АҚШ долларын талап еткен алаяқтар тобын әшкереледі.

Алаяқтар тобының құқыққа қарсы әрекеттері фирманың өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде ұсталды.

Соттың санкциясымен қылмысты ұйымдастырушыға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Топтың ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521