Бұл туралы «Идеал маркет» ЖШС қойма логистикасы постының директоры Қуаныш Алимбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгін Атырауға Алматыдан 2 вагон қант келді. Қазіргі уақытта Идеал және Лидер супермаркеттері арқылы сатылымға шығарылуда.
«Өңірге 1-маусымнан бастап екі вагон қант жеткізілген болатын. Қазір дүкендердегі қанттың бөлшек саудадағы бағасы 385 теңге. Енді сатылымға шығатын қанттың 1 кг 500-517 теңгеден басталады. Өйткені, жол бағасының қымбаттауы себеп болып тұр. Қанттар Алматы облысындағы Көксу қант зауытынан жеткізілуде. Алдағы уақытта тағы екі вагон қант келе жатыр. Олар жақын күндері облысқа жеткізіледі», - деді Қ.Алимбетов.
Айта кетейік, Атырауда жалпы Идеал және Лидер супермаркеттерінің 35 нүктесі бар.