Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда алғаш рет ұлттық аккредитация сарапшылары оқытылуда

Атырауда алғаш рет медициналық ұйымдарды бағалау бағытында ұлттық аккредитация сарапшыларын даярлауға арналған оқыту бағдарламасы басталды. Семинар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен және Accreditation Center for Quality in Healthcare қолдауымен өтіп жатыр, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бес күндік бағдарламаға Шымкент, Алматы, Қостанай және Атырау облыстарынан 20-ға жуық сала маманы қатысуда.

Бағдарлама аясында халықаралық деңгейдегі төрт спикер тыңдаушыларға жаңартылған ұлттық және халықаралық стандарттар, медициналық ұйымдарды тексерудің жаңа әдістері, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, экология және тәуекелдерді басқару, пациент құқықтары, қауіпсіздік мәдениеті, клиникалық сапа және бірыңғай бағалау жүйесі бойынша дәріс өтеді. Сонымен қатар қатысушылар нақты жағдайларды талдап, практикалық тапсырмалар орындайды.

– Оқыту аяқталған соң қорытынды тестілеу жүргізіледі. Кейін мамандар бақылаушы ретінде практикадан өтеді. Нәтижесі жақсы сарапшылар сыртқы кешенді бағалау сарапшысы ретінде базаға тіркеледі, – деді ACQH ҚБ басшысы Бөтагөз Қаупаева.

Аккредитациядан өткен сарапшылар медициналық ұйымдардың сыртқы кешенді бағалауын жүргізіп, денсаулық сақтау саласында сапаны арттыруға және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қоспақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT