Атырау қаласында қоқыс алаңдарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы 100 нүктеде орналасқан алаңдар жаңартудан өтуде.
Қалалық әкімдік хабарлағандай, алаңдар арнайы берік материалдардан жасалып, шатырмен жабдықталады. Сонымен қатар қоқыстың шашылуын болдырмау үшін олар металл торлармен қоршалады.
Сондай-ақ қалалық қоқыс контейнерлерін жаңарту жұмыстары басталды. 1000 жаңа контейнерге тапсырыс беріліп, оларды орнату процесі басталып кетті.
Бұл шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартып, экологиялық ахуалға оң әсерін тигізеді.


