Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Қауіпті жүргізуші»: Атырауда полицейлер жол қауіпсіздігін күшейтті

Республикалық маңызы бар тас жолдарда Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жолдағы тәртіпті күшейтіп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет етуде.

«Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел құқықбұзушылық деректері анықталуда. Басты назар – көлікті мас күйінде басқару, жылдамдықты шамадан тыс асыру, қарсы бағытқа шығу, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын орындамау. Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерлан Бигамбаев жол бойында көлік жүргізушілерін тоқтатып, оларға ескерту жұмыстарын жүргізіп, сапарға шыққандарға ашық жол тіледі. Бүгінде полиция қызметкерлері жасырын патрульдеу, дрон арқылы әуеден бақылау, жылдамдық өлшеу құрылғыларын пайдалану сияқты кешенді шараларды жүзеге асыруда. Осы әдістер жүк көліктері мен автобустарды тексеруге мүмкіндік беріп, жолдағы қауіпсіздікті арттыруға және апаттардың алдын алуға бағытталған. Жолдағы қауіпсіздік - әрбір жүргізушінің жауапкершілігі!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT