Адамдардың мемлекеттік органдарға шынымен сенуі үшін не істеу керек? Осы сұрақты «Заң және тәртіп» нарративі аясында мұнайлы астанада өткен үлкен семинардың қатысушылары талқылады.
Бір алаңға жүзден астам адам — полиция мен юстиция қызметкерлері, мемлекеттік құрылым өкілдері және жас мамандар жиналды. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қатысушылар құрғақ ережелер мен нұсқаулықтарды емес, өңір тұрғындарын күн сайын толғандыратын мәселелерді сөз етті: неге азаматтар көбіне мемлекеттік қызметке риза емес, не толық жауап алуға кедергі және мемлекеттік аппараттың шынайы ашықтығына қалай қол жеткізуге болады. Семинарға қатысушылардың бірі — Альфия Суюғалиева, жиында «Заң және тәртіп» нарративіне қандай бастамалар кіретінін және қандай өзгерістер енгізілгенін жан-жақты түсіндіргенін айтты. Әсіресе, ашықтық пен азаматтармен адал диалог формальдылық емес, нақты тәжірибе болуы тиіс екені ерекше атап өтілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі негізгі проблема — азаматтардың өтініштеріне жеткілікті көңіл бөлінбеуі. Кездесуде қабылдауды қалай дұрыс жүргізу керек, мамандар қандай қателіктер жібереді және неге келушіге деген құрмет қарапайым қарым-қатынас этикасынан басталатыны талқыланды. Осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таппақ — бұл қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызмет мәдениетін арттыруға бағытталған.
Материалды дайындаған — Георгий ШАПОШНИКОВ,
фото ұйымдастырушылардан


