Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Лудоманды қалай анықтаймыз?

    Құмар ойын туралы зерттеп, зерделей келе тіпті мұның өзіндік сөйлеу мәнері мен диалектісі қалыптасқандығын байқадық. Ойнайтындар үлкені де, кішісі де бір-бірін «Брат» деп тұрады. Сосын «ЖБ мнение бар» деп жар салып отыратындар көп.

Сөйтсе ол ұтысқа сенімді болғанда айтатын сөз екен. Сонымен қатар, ұтысқа ие болса «Пәлен сома көтеріп алдым» дейді де, ұтылса «Брат, қадалып қалдым» деп отырады. Былайғы жұрт түсінбесе де, өздері бір-бірін тез түсінеді. Осындай сөздеріне қарап-ақ, кімнің қандай ойын ойнайтындығын шамалап білуге болады.   Сондай-ақ, құмар ойнайтындардың тағы бір белгісі – олар қарыз сұрағыш болып кетеді. Әсіресе, түнгі мезгілде түрлі сылтау айтып, ақша сұрайды. «Таңертең беремін, қазір банкоматым кілттеніп тұр. Ертең аштырып, онға дейін тауып берем» дейді. Ойынға салынғандардың тағы бір белгісі – көп өтірік айтып, үнемі асығыс жүреді. Қолына ақша тисе болды, тығыз шаруасы шығып, бір жерге кетеді. Ал, ойынға қатты беріліп кеткендер қолындағы телефондарын ломбардқа тапсырып, одан ақша алады. Яғни, бір танысыңыз телефонсыз жүрсе немесе арзан, ескі телефон ұстап жүрсе демек осы құмар ойынның ішінде жүр деген сөз. Сонымен қатар, бұрын футбол қарамайтын, бокс көрмейтіндер аяқасты жанкүйер болып кетсе, демек спорттық ойындарға бәс тігіп жүргені. Бұдан бөлек, жұмыс жасайтындар тек несиесін ғана төлеп, түскен жалақысын үйге түгел әкелмей: «Осы айда аз шықты. Пәленге ұстады, түгенге ұстады» деген сөздер көбейіп кетуі мүмкін. Осы және басқалары бастапқы белгілері. Ең бастысы – үнемі күйгелектеніп, тез ашуланғыш болып кеткен адамды бақылауға  алған жөн.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT