Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЕҢБЕК ДЕСЕ ЕРІНБЕЙТІН ЖАН

ӨЗІНІҢ ҚАРАПАЙЫМ БОЛМЫСЫМЕ Н- АҚ КӨПІСТІҢ БАСЫН ҚАЙЫРА БІЛЕТІН ІСКЕР АЗАМАТТАР ОРТАМЫЗДАН ТАБЫ ЛАДЫ. СОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА ИНДЕРБОРЛЫҚ ЕРҒАЛИЕВ ЕРБОЛ ТҰРАШҰЛЫ ДА БАР. ИНДЕРЛІКТЕР ОНЫ НЕГІЗІНЕН АҒАШ ШЕБЕРІ РЕТІНДЕ ЖАҚСЫ ТАНИДЫ. ӨЙТКЕНІ ӨЗІ АҒАШ ӨҢДЕУ ЦЕХЫНДА КӨПТЕГЕН ҚҰНДЫ ДҮНИЕЛЕРДІ ЖАСАП ШЫҒАРҒАНЫНА САН МӘРТЕ КУӘ БОЛҒАНЫМЫЗ БАР-ДЫ. ЖУЫРДА ОЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ШЕШІМІНЕ СӘЙКЕС ИНДЕР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТ ТАЛДЫ. «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА» ОРАЙ БҮГІНГІ КЕЙІПКЕРІМІЗДІ ӘҢГІМЕГЕ ТАРТҚАН ЕДІК.

– Мен 1963 жылы 3 мамырда Индербор кентінде Тұраш әкем мен Қаным анамның шаңырағында 6 ұл мен қыздың ортаншысы болып өмірге келдім. Қарапайым еңбек адам дары болып табылатын ата анамыз бізді еңбекқор болуға, ешкімнің ала жібін аттамауға баулыды. Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің 8-кла сын аяқтаған соң Индер борат кенішіне ағаш шебері болып жұмысқа орналасып, алғашқы еңбек жолымды бастадым, – дейді ол.

Осы жерде айта кетейік, ағаш шебері деген қасиет арғы атасы Ерғали қарттан дарыған екен. ІІ дүниежүзілік соғыстан оралмаған қарт көзі тірісінде көрік ұстаған ұста бо лыпты. Майдангердің ұсталық өнері немерелері Ербол, Дидар, Сақтағанға дарыған көрінеді. Шебер Ербол Тұрашұлы алғашқы еңбек майданында Оқас Қазмұқашев, Табылды Әбішев, Милен Дюсебалиев секілді ағаларынан үйренгені көп болды.

Жұмыссыздық белең алған тұста үйінің ауласынан шағын шеберхана ашып, өз кәсібін дөңгеленткен. Біраз уақыт өткен соң Жылыой ауданына қарасты Теңіз қалашығына жұмысқа орналасып, ел байлығын иге руге үлес қосыпты. Кейін 2019 жылы «Индер су» мекемесіне сарқынды су тазалау қондырғыларының операторы болып жұмысқа орналасқан екен.

Аталған мекемеде апатты жағдайдың туындамауына, істен шыққан құбырларды же дел жөндеу әрекеттерін дер кезінде атқаруда арнайы бри гада кезекшілікпен жұмыс істейді. Ербол қолы қалт етсе өзі қызмет ететін мекеменің ау ласына егілген көшеттерді күтіп баптап, бау-бақша дақылдарын егіп, қандайма жұмыс болма сын ерінбейтін елгезектігімен де әріптестеріне сыйлы болып келеді.

Міне, қарапайым еңбек адамының еңбегі еленіп, мерейі өссе, одан асқан бақыт бар ма, сірә. Біз де кейіпкеріміздің еңбегіне сәттілік тілеп, жылы шыраймен қоштастық.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT