Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздерді бастайды

Брюссельде СІМ басшысы Ермек Көшербаев пен ЕО-ның Жоғарғы өкілі Кая Каллас төрағалығымен отырыс өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2 желтоқсанда ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету және реадмиссия жөніндегі келісім бойынша келіссөздер басталатынын мәлімдеді.

ЕО Қазақстанның ең ірі экономикалық әріптесі болып қала береді: тауар айналымы $50 млрд-қа, инвестициялар көлемі $200 млрд-қа жетті. Елде 4 мыңнан астам еуропалық компания жұмыс істейді. Сонымен қатар тараптар Орта дәлізді дамыту, «жасыл» экономика және цифрландыру саласындағы жобаларды талқылады (©Kursiv).

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT