Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАҢА ТҰҒЫРНАМА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін «Amanat» партиясы аудандық филиалының ғимаратында партияның кезектен тыс ХХХVІІ конференциясы өтті. Аудан әкімі Қанат Әзмұханов, конференция делегаттары қатысқан жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Толқын Бейсқали партияның саяси тұғырнамасының жобасы туралы баяндама жасады.

Оның баяндауынша, «Amanat» партиясының жаңа саяси тұғырнамасы биылғы жылдың наурыз айында басталған толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігі болып табылады. Тұғырнамада Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасы, даму бағдарлары, ұстанымдары мен саяси мақсаттары қамтылған. Сондай-ақ, тұғырнама елімізде болып жатқан өзгерістерге «Amanat» партиясыныңжауабы ретіндегі негізгі идеологиялық құжат болып табылады. Партияның алдында саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген жаңа Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр.

Қазіргідей тарихи, жауапты кезеңде ортақ мүдде мен мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт келді. Себебі, мемлекеттің дербестігі, ұлттың азаттығы, қоғамның еркіндігі – ешқашан, еш нәрсеге айырбасталмайтын ұлы құндылық. Мұны еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біліп, бағалауы тиіс. Бұл саяси тұғырнама барлық бастауыш партия ұйым мүшелері арасында, облыстық, аудандық партия филиалдары жанындағы кеңестерде талқылануда, - деді Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Толқын Бейсқали.

86b5c07e-99ad-4523-b07a-a7ef66b03353

Бұдан кейін аудандық мәслихат хатшысы Альберт Аққайнанов, аудандық мәслихат депутаты Сәндігүл Дәуленова жарыссөзге шығып, партияның саяси тұғырнамасы бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Жарыссөзден соң «Amanat» партиясының саяси тұғырнамасының жобасы конференция делегаттарының дауыс беруімен мақұлданғаннан кейін күн тәртібінің екінші, үшінші мәселелері бойынша «Amanat» партиясы аудандық филиалының саяси кеңесінің жаңа құрамы мен партияның облыстық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясына делегаттар сайланды.

Конференцияда сөз алған «Amanat» партиясы аудандық филиалы саяси кеңес мүшесі, аудан әкімі Қанат Әзмұханов:

– Партияның жаңа саяси тұғырнамасын еліміздегі төрт мың бастауыш партия ұйымдары талқылауда. Тұғырнамада халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартатын мәселелер көзделген. Соның ішінде денсаулық, білім саласы кеңінен қамтылған. Бұл бағытта алдымызға қойған жоспарымыз бар. Оны аудан тұрғындарымен, өздеріңмен кеңесіп, бірлесе атқаратын боламыз, - деді.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521