Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаңа әкімдерге сенім зор

Кеше «Арман» мәдениет үйінде «Қазақстан Респуликасындағы Сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 38 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 тармағына сәйкес, Жангелдин, Тасшағыл, Миялы ауылдық округі әкімі лауазымына үміткерлердің сайлауы өтті.

Әр округ әкіміне үміткер есебінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясына екі адамнан тіркелді. Олар алдымен 13 мамыр күні аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Сайлау барысында аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали мен аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жолдас Ибрашев сөз сөйлеп, сайлау заңдылығын тағы бір пысықтап өткеннен кейін халық қалаулылары тіркелген үміткерлердің ішінен әкім лауазымына лайықтыларын таңдап, оларға өз дауыстарын берді.

Нәтижесінде, бұған дейін Тасшағыл орта мектебінің директоры лауазымын атқарып келген Гүлшара Ізімова Тасшағыл ауылдық округінің әкімі, аудандық білім бөлімін басқарып келген Амангелді Бағдаров Жангелдин ауылдық округінің әкімі, ал Жамбыл ауылдық округі әкімі қызметінде болған Сәндібек Салықов Миялы ауылдық округінің әкімі қызметіне лайық деп танылды.

Енді олар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындай отырып, өздері басқаратын округтердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруде қалтқысыз қызмет етеді деген сенімдеміз.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521