Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері!

Сіздерді 21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің халқымыз өз тарихында зор зияткерлік әлеуетті енгізе отырып, көпұлтты мәдениет құрды. Тек мәдениет саласы ғана ұрпақ санасын қалыптастырып, адам өмірінің басты мағынасы мен ғаламдық құндылығы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Мәдениет – ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші зиялы қауым. Себебі, әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр.

Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады» – деген болатын. Осы орайда, ел руханиятының қалыптасуы жолында мәдениет қызметкерлерінің қосар үлесі зор. Қойнауы құтқа толы Қызылқоға өңірінде де мәдениет пен өнердің асқақ шыңына шыққан тұлғалар жетерлік. Ал, қазіргі таңда халық аудандағы барша мәдениет саласының қызметкерлерін егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері, мәдениеттің жаршысы ретінде біледі.

Ендеше мәдениет пен өнерді өлтірмей, өрге сүйреп келе жатқан барлық мамандар мен өнерпаздарды төл мерекелерімен құттықтаймын. Ауданда ағартушылық пен рухани мұрамыздың ізгі дәстүрі сақталып, молаюы, Сіздердің көпқырлы жасампаз еңбектеріңіздің арқасы деп білемін. Отанымыздың баға жетпес тарихи-мәдени дәстүрін сақтап және дамыту жолында жасаған еңбектеріңіз бен төккен терлеріңіз қашанда құнды. Ұлттың мол рухани-ізгілік мұрасына қосқан зор үлестеріңіз үшін айтар алғыс зор. Баршаңызды тағы да шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілеймін. Ел мәдениетін дамыту жолындағы еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!

Құрметпен,

Жарас ЕСЕНҒАЛИЕВ,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521