Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жүргізуші куəлігін алу жеңілдейді

«Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдері тамыз айында аудандарға жасаған қоғамдық бақылау кезінде Жылыой мен Құрманғазы аудандарынан басқа бес ауданның тұрғындары жүргізуші куәлігін алуы үшін шығынданып, Атырау қаласына баратындығын анықтады.

Аталмыш екі ауданда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін 90 минутта шығаратын арнайы аппарат бар да, қалған (Исатай, Махамбет, Мақат, Индер, Қызылқоға) бес ауданда ондай мүмкіндік жоқ. Яғни, аудан халқы жүргізуші куәлігін алу үшін небәрі 400-600 теңге аралығында мемлекеттік баж салығын төлейді де, ал, куәлікті алу үшін Атырау қаласына он есе шығын шығарып барып келеді.

Тұрғындар үшін қолайсыз мемлекеттік қызметтің орын алып отырғандығын ескере отыра және Мемлекет басшысының халыққа қолайлы орта қалыптастыру, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді қылу тапсырмасына сай «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жоғарыда аталған аудандарға жүргізуші куәлігін шығаратын арнайы аппараттарды қою мәселесін көтерген болатын.

«Бүгін «Қазпошта» АҚ-ның Атырау облыстық филиалы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпоорациясының Атырау облыстық филиалы арасында меморандумға қол қойылады. Меморандумда екінші қайтара алынатын жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігі жоқ бес аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мәселесі жазылған. Яғни, аталмыш меморандумға сай енді аудан тұрғындары жүргізуші куәліктері ХҚКО дайын болғаннан кейін «Қазпоштаның» жеткізу қызметі жүгіне алады. Ал, «Қазпошта» қызметкерлері жүргізуші куәлігін тұрғынның үйіне дейін 400 теңгеден -600 теңгеге дейін жеткізіп береді», - деді жобалық кеңсе мамандары.

Айта кетейік, бұл қызмет жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп, жоғалған жағдайда ғана жүзеге асады. Ал, жүргізуші куәлігін жаңадан алатындар Атырау қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, практикалық және теориялық емтихан тапсыру арқылы алады.

Айсəуле АРДАҚҚЫЗЫ,

"Атырау - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521