Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Екі көршінің айқайы – айыппұлға әкелді

Таяуда аудандық сотта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен, яғни ұсақ бұзақылық бабы бойынша азаматшалар Г.К. және М.Т-ға қатысты - 2 әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, екі әкімшілік іс бойынша құқық бұзушы азаматшалар бір-бірімен ұрысып, ауыр сөздер айтып, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзатын ұсақ бұзақылық жасаған.

Алайда, сот отырысында екі көрші де кінәларын мойындап, өзара татуласып, өкінетіндерін айтты. Сот қаулыларымен, көршілер ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына әкімшілік айыппұл салынды.

 

Нұрсəуле ЖАУЫНБАЕВА,

Сурет: ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT