Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ ҚАЛАЙ БЕРІЛЕДІ?

Қазіргі таңда жүргізуші куәлігін алу ережелері заманға сай жаңарып, өзгертілді. Енді аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде орналасқан өзіне өзі қызмет көрсету секторы арқылы Электрондық үкімет порталымен ескі үлгідегі жүргізуші куәлігін айырбастау немесе мерзімі бітпестен бұрын (қолдану мерзімі біткен жағдайда да) оның түрін өзгерту үшін өтінімді беруге болады.

Ол үшін қызмет алушыда электронды цифрлы сандық қолтаңба (ЭСҚ) болуы қажет. Қызмет алушы ЭСҚ арқылы Электрондық үкімет порталына тіркеліп, өтінімнің алаңдарын толтырып, фотосуреті мен қолтаңбаның сканерленген үлгісін қоса жүктейді. Содан кейін төлем карточканың көмегімен онлайн қызметтің ақысын төлеу қажет. (жүргізуші куәлігін онлайн қайта алу кезінде төлем қадамында «бұрын төленді» деген белгі қойып, чек бойынша мына деректерді енгізу қажет: салық органы, банктің БСК, төлем күні, КБК, ТТК және төлем сомасы). Қызмет құны 1,25 айлық есептік көрсеткіш. Төлем аяқталғаннан кейін чекті таңдап, порталға салады. Артынша медициналық анықтама және оның көшірмесі (жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайда ғана ұсынылады) жүктеліп, ең соңында өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.

Қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік корпорацияда – 2 сағат, ал, порталда – 60 минут. Электрондық сұранысты жібергеннен кейін дайын болған жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету бөліміне бару керек. Бұл ретте, қызмет алушының қолында басып шығарылған хабарлама, қызметтегі жүргізуші куәлігі, жеке басты куәландыратын құжат, 083-у нысанды медициналық анықтама (жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайда ғана ұсынылады) болуы тиіс. Заң бойынша жүргізуші куәлігі адамның жасына, тәжірибесіне байланысты беріледі. Мысалы, «A1» кіші санатының көлік құралдары он алты жастағы азаматтарға берілсе, «А», «В» санатының және «B1», «C1» кіші санаттары он сегіз жасқа толған адамдар ала алады. Сондай-ақ, «С» санаттарының және «D1» кіші санатының көлік құралдары жиырма бір жасқа толған, үш жылдан кем емес жүргізуші өтілі бар, соның ішінде «С1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бір жылдан кем емес адамдарға тиесілі. Ал, «D», «Тm» және «Tb» санатты көлік құралдарын бес жылдан кем емес мерзімде жүргізуші жұмыс өтілі бар, жиырма бес жасқа толған, соның ішінде үш жылдан кем емес «D1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға беріледі.

«BE», «СЕ», «DE» санаттарын он екі айдан кем емес мерзім ішінде «В», «С» немесе «D» санатты көлік құралдарын басқарған адамдар алса, «С1E», «D1E» кіші санаттары он екі айдан кем емес мерзімде «С», «D» «C1», «D1» санаттары бойынша тәжірибесі бар жүргізушілерге тиесілі болмақ.

Ербол БИЩАНОВ,

«Азаматтарға арналған үкімет»

Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Қызылқоға аудандық бөлімі №2 зал бастығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521