Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жұма намазына рұқсат жоқ!

Қазақстанның мешіттерінде күн сайынғы бес уақыт намазды оқуға рұқсат етілді.

Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.

Отырыста мешіттер мен театрларға қатысты жаңа ереже бекітілді. Сонымен, 2 қарашадан бастап күн сайынғы бес уақыт намазды мешітте оқуға рұқсат етіледі. Залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс.

Сонымен қатар, 2 метр әлеуметтік арақашықтық, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталады. Келушілердің барлығы маска тағуы керек, олардың дене қызуы өлшенеді. Жұма намазын оқуға әзірге рұқсат етілген жоқ.

sputnik.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT