Кеше, өңірімізге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктестік депаратментінің басшысы Медетов Расул Махмұдұлы іс-сапармен келді.
Алғашқы жүздесу Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұстаздарынан бастау алды. Кездесуде, адалдық алаңымен ұйымдастырылған адал білім, саналы ұрпақ, парасаттылық мектебі аясында атқарылған және жоспарланған жұмыстар төңірегінде талқыланды.
Сонымен қоса, облысқа келген мейман бірнеше әлеуметтік нысандарда болып, қоғамдық бақылаулар жүргізді. Іс-сапармен келген агенттік өкілі көпқабатты тұрғын үйлердің терможаңғыртудан өту мәселесі бойынша мониторинг жүргізді. Биылғы жылы облысымызда 14 үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Оның ішіндегі 4 үйдің жөндеу жұмыстары жүргізіліп бастады. Десе де, тұрғындар наразылығы әлі де таусылар емес. Көзге түрпідей тиген кемшіл тұстарды іс-сапармен келген мейман жіпке тізгендей айтып берді. Ал бұл терможаңғыртудың тынысы «адалдық алаңының» ұсынысымен оңтайлы шешімін табады деп жоспарлануда. Дүкендер мен ірі сауда орындарын есепке алмағанда, халықтың көп шоғырланып қызмет жүйесіне көп жүгінетін ХҚКО-да мүмкіндігі шектеулі жанға мүмкіндік қарастырылмай отыр.
Аталмыш нысандағы олқылықты Расул Медетов жұмыс жүйесіне бақылау жүргізу барысында көріп, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КАҚ Атырау облысы филиалының басшысы Мұса Қарашұлына ескерту жасады. Атырауда 180 орынға шақталған жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынуда. Аймақта коронавирусқа қатысты жағдайға байланысты бұл жоспар қажеттіліктен туындауды. BI Group ірі құрылыс компаниясымен жүргізілген аурухананы тынысын Расул Медетов өз көзімен көріп қайтты.
Бақылау барысында, пандемияның екінші толқыны жағдайына дайындық жүйесі басты назарға алынды. Бұндай нысандарды аталмыш мердігер мекеме қысқа мерзім ішінде- Алматыда 280 орындық, Нұр-Сұлтанда 200 орындық және Шымкентте 200 орындыққа шақтап жасаған болатын.