Қарапайым тілмен айтатын болсақ сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану.
Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз осы бір дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алатыны сөзсіз. Аудандық ішкі саясат бөлімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Гүлжихан МАРАТОВА,
аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы



