Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЗАМАН АҒЫМЫНА САЙ ӨЗГЕРІС КЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясында  Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өтетіндігін хабарлаған болатын.

Бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Себебі, елімізде Конституцияға өзгеріс енгізу туралы соңғы референдум 1995 жылы өткен болатын. Содан бері 27 жыл өтіпті. Ширек ғасырдан асатын уақытта еліміз бен әлемде біраз дүние өзгеріп, заманның бағыты басқа арнаға бұрылды. Демек Ата Заңға өзгеріс енгізу керек. Оның үстіне «Жаңа Қазақстан» құру үшін  Конституциямыз соған сай болуы тиіс. Әрине, бұл бұрынғы Ата Заңнан түбегейлі бас тарту деген сөз емес. Тек заманның ағымы мен еліміздегі саяси-экономикалық өзгерістерге орай Конституцияның кейбір баптары мен тармақтарына өзгеріс енеді.

Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өтетіндігі жарияланған бойда қоғамда қызу пікірталас басталып кетті. Ал, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі болса Ата Заңдағы 33 бапқа 56 толықтыру мен өзгеріс енгізілу мүмкін екендігін жеткізді. Демек, елімізде Ата Заңға енген өзгерістердің арқасында саяси реформалар жүзеге асып, мемлекеттің де даму жолы айқындалады деген ойдамын.   

Айбар АЛТЫБАЕВ,

аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT