Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ДАМУ ЖОЛЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ШЕШІМ

Қазақстанның бүгінгі даму қарқыны көңілді марқайтады. Десек те, Жаңа Қазақстан болу үшін бұдан үлкен өзгерістер қажет.

Бұл тұста, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізуге арналған ұсынысы қызу талқыланып жатқаны белгілі.

Жалпы Президент наурыз айының ортасында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар, бірден Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын дайындау жөнінде ауқымды жұмыс басталғанын, онсыз жоспарланған саяси реформаларды тиімді жүзеге асыру мүмкін емес екенін атап өтті. Бұл ретте, мемлекет басшысы:

– Конституциялық реформаның мақсаты – елімізді саяси тұрғыдан одан әрі жан-жақты жаңғыртудың берік іргетасын қалау. Өткен аптада Конституциялық Кеңеске түзетулер жобасы жолданды. Оның қабылдануы мемлекеттік институттарды құрудың және қызметінің мүлде жаңа үлгісін – Жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік береді. Азаматтар тарапынан «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?» деген сауал жиі қойылып жүр. Менің ойымша, бұл сұраққа қысқа да нұсқа жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан дегеніміз – шын мәнінде Әділетті Қазақстан. Азаматтарға әлеуметтік әділдік жетіспейтінін мойындайықшы. Қарапайым халықтың мүддесі үнемі елене бермейді, кейде, тіпті әділетсіздік мемлекеттік аппарат өкілдері тарапынан да жасалып жатады. Азаматтардың мемлекеттік мекемелерге сенімсіздігі осыдан туындайды. Сондықтан, Amanat партиясының алдында осы олқылықтардың орнын толтыру міндеті тұр. Азаматтық қоғам мен билік арасында дәнекер болу үшін сіздер халық өкілдерімен етене жұмыс істеулеріңіз керек, – деді.

Шындығына келгенде, Мемлекет басшысының бұл бағытта айтып жатқандары бүгінгі қоғамдағы ащы шындық. Қарапайым халықтың мүддесі, оларға көрсетілетін қызмет түрлері барлығы дерлік әділетті деп айта алмаймын. Жалпы Қазақстанда референдум соңғы рет 1995 жылы, қолданыстағы Конституция бекітілгенде өткен. Демек, бұл өзгерістер Жаңа Қазақстанға бағытталған дұрыс шешім деп ойлаймын. Конституцияға өзгеріс енгізуді халық таңдауы керек.

Шатгүл СӘКЕНҚЫЗЫ,

Белсенді жас

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT