Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Заң мен тәртіп – әділеттің кепілі

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауында қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясының күшейту туралы ерекше атап өткен болатын. 

Соның ішінде, мемлекетте барлық өкілеттіліктердің заң аясында жұмыс жасау керектігін баса айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жастардың Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге баратындығын айтып, олардың өз міндетін алаңсыз орындауы үшін барлық жағдай қарастырылуы керектігін ескертті. Яғни өткен замандағы үстемдік танытудан арылып, жас сарбаздардың борышын өтеу кезінде ешқандай қысымшылық көрсетілмеуі қажет. Себебі, мемлекеттің басты байлығы – адам. Артық қыламыз деп, тыртық қылып алмауымыз үшін жаңа заманда барлығын заң аясында жасауымыз керек. Жас сарбаздың өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне әскер басшылары жауапты. Әрбір ата-ана көзінің ағы мен қарасы болған баласын Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге жібереді.

Сондықтан елімізде өз еркімен әскерге баратын, патриот ұрпақ тәрбиелеу үшін заң мен тәртіп те күшейе түсуі керек. Мемлекетке аманат етіп сеніп тапсырылған ұлықты ұлдар Отан алдындағы борышын қысымшылық пен әлімжеттік көрмей, міндетін заң шеңберінде орындауы тиіс. Сонда ғана әділетті қоғам орнап, жаңа Қазақстанның жасампаз келбеті қалыптаспақ.

Ертуған Амиров,

Мақат ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT