Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстанда жүк көлігін шығаратын зауыт ашылады

Қазақстан–Қытай дөңгелек үстелі барысында қытайлық және қазақстандық компаниялар арасында Қазақстанда жүк көлігін шығару бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Зауыт Қарағанды облысының Саран қаласында орналасатын болады.

«Бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды. «Саран» индустриялық аймағының базасында жүк және коммерциялық техника өндіретін жаңа зауыт салынады. Жаңа кәсіпорын құру бізге қосымша 1,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз жаңа технологияларды аламыз, дәнекерлеу, катафорез, бояу және шағын торапты құрастыру үшін заманауи жабдықтар сатып алынады. Жас инженерлер Қытайда қолданылатын жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік алады», — деді бірлескен жобаның жетекшісі Арғұлан Майқонов.

Осыған дейін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. Кездесу нәтижесінде жалпы сомасы 2,5 млрд долларды құрайтын 8 коммерциялық келісімге қол қойылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT