Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өз қолдарымен әскери техникалар құрастырды

Жақында аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жыл мерекесіне арналған әскери-патриоттық клубтар арасында аудандық көрме сайысы өткен болатын.

aaakkk2

Онда І орынды жеңіп алған Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Мырзабек Досымжан мен ІІ орынды иеленген Қарабау орта мектебінің оқушысы Мұхамбет Жұмабай облыстық көрме сайысына жолдама алған еді. Атырау облыстық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы ұйымдастырған облыстық әскери-патриоттық клубтар арасында қазіргі заманғы қолдан құрастырылған әскери қару-жарақтар көрмесі 24 қаңтар күні өтті.

aaakkk3

Аталмыш сайыста өз қолдарымен құрастырған әскери техникалар, тік ұшақтар мен ұшақтар, қару-жарақтар жұмыстарын көрмеге ұсынған Мырзабек Досымжан мен Мұхамбет Жұмабай екінші орынды еншіледі.

Ал, олардың жетекшілері Азамат Молдашев пен Нұрбек Әлібекұлы «Үздік жетекші» медалімен марапатталды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521