Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ӨРТ СӨНДІРГІШТІ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНҒАН ДҰРЫС?

Өрт дегеніміз - материалдық шығынға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін, бақыланбайтын жану процесі.

Үйіңізді, автокөлігіңізді, гаражыңызды және басқа мүліктеріңізді өрттен қорғау үшін сіз өрт қауіпсіздігі талаптарын орындап,алғашқы өрт сөндіру жабдықтарын қолдану керек. Осындай құралдардың бірі-өрт сөндіргіш. Бұл өрттердің пайда болуының бастапқы кезеңінде сөндіруге арналған техникалық құрылғы. Әр адам өрт сөндіргіштің қалай жұмыс істейтінін және олармен жұмыс істей білуі тиіс. Өрт сөндіргішті ірі өрт кезінде қолдануға болмайды. Бұл тек кәсіби өрт сөндірушіге ғана тән.

Есіңізде болсын! Кез келген кідіріс өлімге әкелуі мүмкін, сондықтан сіз тез арада 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалуыңыз орынды. Өрт сөндіргіш қажет болған жағдайда отбасы мүшелері пайдалана алатындай салмақ болуы тиіс. Өрт сөндіргіштер ұнтақты және көмірқышқыл болып келеді. Ұнтақ тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың, лактардың, бояулардың, пластмассалардың, кернеуі 1000 вольтқа дейінгі электр қондырғыларының жануын сөндіруге арналған. Көмірқышқылдары әртүрлі заттар мен материалдарды, кернеудегі электр қондырғыларын, кез келген сұйықтықтарды сөндіру үшін қолданылады.

Жалпы, өрт сөндіргіштер мұрағаттағы және өнер туындыларының қоймаларындағы өртті сөндіруде теңдесі жоқ. Айта кетерлігі - өрт сөндіргіштің құлау және оған соққы беру жағдайларына жол берілмейді. Корпуста, бекіту-іске қосу құрылғысында жаншылған, жарықтар пайда болған кезде, түйіндер қосылыстарының герметикалығы бұзылған жағдайда өрт сөндіргішті пайдаланбаған абзал. Өрт сөндіргіштің корпусына тікелей күн сәулесінің түсуіне жол берілмейді. Жануды сөндіру кезінде өрт сөндіргіш корпусын кернеуі бар электр жабдықтарынан кемінде 1 метр қашықтықта орналастырған дұрыс. Жануды бірнеше өрт сөндіргішпен бір мезгілде сөндіру кезінде бір-біріне қарсы өрт сөндіретін заттың ағысын бағыттау қажет.

Қысқасы, абай болыңыз және өрт қауіпті жағдайларға жол бермей, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Айтқали БАЙТҮГЕЛОВ,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің

инженері азаматтық қорғау лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT