Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық зағиптардың қуанышы

Халықаралық зағиптар күніне орай, жақында аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық ішкі саясат бөлімі және «АДА-Байдар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Қос жанар – өмір шырағы» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Шара аясында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықов, Миялы ауылдық округі әкімі Сәндібек Салықов және «АДА-Байдар» қоғамдық қорының мүшесі Ақжол Жандосов округтегі бірқатар зағип жандардың отбасында болып, мерекелік сый-сияпаттарын ұсынды. Өздеріне көрсетілген ілтипатқа риза болып, алғыстарын білдірген олар баталарын берді. Бұл күні аудандағы барлық ауылдық округтерде округ әкімдері мен мамандары көру қабілеті нашар жандардың үйлерінде болып, сыйлықтарын табыс етті.

Айта кетсек, аудан бойынша 81 адам көру қабілеті нашар жандардың есебінде тұр.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521