Атырау қаласының тұрғыны шалғайдағы ауылдардың бірінен келе жатып, жол бойында Қызылқоға ауданы орталығы Миялы селосына бір шақырымдай қалғанда көлігі бұзылып, тұрып қалған.
Жол бойында қызмет атқарып жүрген патрулдік инспекторлар тоқтап қалған көлік жүргізушісіне келіп, сол жерде көмек көрсеткен.
Жарты сағат бойы көлігін жүргізе алмай қиналған азамат, полиция қызметкерлерінің жолда қалдырмай, көмектескендеріне ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.