Атырау облысының Қызылқоға ауданы полицейлері Миялы- Индер тас жолы бойында мал тиеген УАЗ көлігін тоқтатты.
-«Көліктегі 34 бас қойдың арасында сырғаланбағандары бар және тиісті құжаттарын жоқ болып шықты", деп хабарлады Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция капитаны Ақылбек Жұмабеков.
Мал тасымалдаған екеуі Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына қатысты ӘҚБтК 406 бабы «ҚР ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша хаттама толтырылды.
Тәркіленген 34 бас қой малы арнайы мал ұстау орнына (загон) қамалды.
Сурет: ашық дереккөзден