Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық азамат 84 жастағы əжені тонаған

Атырау облысының Қызылқоға ауданы полицейлері 80-нен асқан әжені үйіне келіп тонап кеткен күдікті ұсталды.

Бұл оқиға Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 31 тамыз күні сағат 22.50 шамасында болған. Кіре беріс есіктің ашық тұрғанын пайдаланып, белгісіз ер адам заңсыз үйге кірген. Осы кезде үйде қарт әжеден басқа ешкім болмаған.

- Қылмыскер оң қолымен әжемнің аузын жауып, сол қолымен құлағынан алтын сырғаларды алып кеткен. Әжем бұл оқиғадан осы күнге дейін есін жияр емес, шошып кетті. Оқиға туралы дереу полицияға хабарластық, дейді жәбірленушінің немересі.

Жедел іздестіру шаралары барысында аудан полицейлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, тапты. Тергеп-тексеру ҚР ҚК 191-бабының 3 бөлігі "Үй- жайға заңсыз кіруімен жасалған тонау"бойынша жүргізілуде.

Жәбірленуші қарт ана тонаушыны ұстаған тәртіп сақшыларына алғысын айтып, оларға жемісті жұмыс тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT