Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық 10 жасөспірімге жазбаша ескерту берілді

Жақында аудан көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оған құзырлы органдардан, білім бөлімі, прокуратура және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің барлығы 21 адамның қатысты.

Ондағы мақсат - кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу, сондай-ақ, заңсыз еңбегін пайдалану деректерін анықтау үшін сонымен қатар, жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың, оның ішінде ішкі істер органдарының есептерінде тұрған және қолайсыз отбасыларында тәрбиеленуші жасөспірімдердің бос уақытын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың тарапынан құқық бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған.

Осы негізде, аудандық ішкі істер бөлімі мен ауылдық округтегі учаскелік полиция инспекторларының бекеттеріне 12 жасөспірім жеткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылық анықталғаны – 10, оларды бөлетін болсақ «Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол бергені үшін» 10 жасөспірім анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлігіне сай, 10 жасөспірімнің ата-анасына хаттама жасақталып, жазбаша ескерту берілді. Іс-шара барысында күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстары жүргізіліп, жасөспірімдердің қоғамдық орында, көшеде жүру жағдайлары зерделенді.

Аудан көлемінде кішкентай балаларымыз тас жол бойында ойнайтындығы, жасы кәмелетке толмаған үлкендері ішінара көше бойынан кездескендері байқалды. Сонымен қатар, аудан көлемінде кәмелетке толмаған балалардың дене жарақатын алу жағдайлары көбеюде, оның ішінде абайсызда құлап қол, аяқтарының сынық жарақаттарымен ауылдық ауруханаларға қаралу мәселесі. Жалпы айтқанда, ата-аналар тарапына сақтық шараларын қолданып, балаңыздың қайда жүргеніне көңіл бөліп, автокөлік жолдарының айналасында ойнауға, өзен, көлдерге баруға қатаң тыйым салыңыз.

Сондай-ақ, ашық құдықтардың, ашық электор желілерінің шкафтары маңында ойнауға тыйым салып, күнделікті жағдайда балаңыздың сақтық шараларын ұстануды үйретіп, тәрбиенің бір бөлігіне айналдыруларыңызды сұраймыз.

Бекзат ҚАРЖАУҰЛЫ,

ЮПТ-ның аға УПИ-ы полиция майоры

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT