Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Министрлік улы зат шашылды деген хабарламаға түсінік берді

Денсаулық сақтау министрлігі түнде улы зат шашылғаны туралы хабарламаға қатысты жауап берді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде түнгі сағат 2:00 шамасында балаларға улы зат шашылғаны туралы хабарлама тарап жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды.

"Сіздерден, құрметті азаматтар, әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған хабарламаларға сенбеуді сұраймыз, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Барлық расталған ақпаратты сіз Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында және министрліктің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан ала аласыздар", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз деді министрліктегілер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT