Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада зираттарды бүлдірген тұрғын ұсталды

27 қыркүйек күні сағат 13.38 шамасында белгісіз біреу Қызылқоға ауданының Қаракөл ауылына қарасты Қоғам елді мекенінде орналасқан «Мәтен қожа» түнегі, үйін, сарайын өртеп, жанындағы 13 қайтқан адамның жерленген мәйіттерін, құлыптастарын сындырып, бүлдірген.

Атырау облысы полиция департаменті мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар күдіктіні, яғни 1977 жылы туған ауыл тұрғынын анықтап, уақытша ұстау орнына қамауға алынды.

Оның басқа да қылмысқа қатыстылығы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары ҚР ҚК-нің 314 бабы "Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау" бойынша жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521