Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғадағы сауапты іс жалғасуда

"Қызылқоға -құтты мекен" атты қайырымдылық қоры мен Бәйтерек орталық мешітінің ұйымдастыруымен әр жұма сайын" ауылымыздың 1983 жылы туған ағаларымыздың бастамасымен Қайырымдылық-қадірлі іс" атты қайырымдылық эстафетасы апта сайын жалғасын табуда.

Тіпті, ауыл жастарының дәстүрлі сауапты ісіне айналды десек артық айтқандық болмас.

Осы орайда, кеше жұма күні 1992 жылғы ауыл жастары ауылдағы көпбалалы отбасыларға азық-түлік себетін таратумен қатар, кішкене бүлдіршін Кәусардың еміне 100 мың теңге және мешіт құрылысына 100 мың теңге қаржылай көмек көрсетті.

Ендеше, осынау игі іске атсалысып жүрген ауыл азаматарына Алла разы болсын! Жақсылық жасап жарысайық, ағайын!

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521