Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДАН ЖАЛЫҚПАЙЫҚ!

Кеше елімізде жарияланған Төтенше жағдайға байланысты "Қызылқоға - құтты мекенім" атты қайырымдылық қоры еріктілері қауіпті аймақты күзетіп тұрған тәртіп сақшыларына қолдау білдіріп, көмек көрсеткен болатын.

Әрине, дәл осылай игі істер жалғасын таба берсе, ауызбіршілігіміз арта түсері анық.

- Біз кезекті қайырымды істі аудан халқының, еліміздің тыныштығын күзетіп жүрген тәртіп сақшыларына көрсетуді жөн көрдік. Аталған игі іс барысында біз оларға медициналық қолғап және бетперде, сонымен қатар, ыстық шай мен түскі астарын үлестірдік. Осы орайда, Қызылқоға халқын тәртіпке, сабырлылыққа шақыруға үндей отырып, барша аудан тұрғындарын бірге болуға шақырамыз,- дейді "Қызылқоға - құтты мекенім" қайырымдылық қорының төрағасы Ризабек Амантайұлы.

Бес күндік жалғанда кез келген пенденің басына талай қиындықтар мен қайғылы жағдайлар келері сөзсіз. Өйткені, өмірде қуаныш пен қайғы егіз төлдей қатар жүреді. Сондықтан да, жақынымызға көмек қолын созудан жаңылмайық!

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521