Биылғы жылдың үш айы ішінде аудан бойынша 4 өрт оқиғасы тіркеліп, 1 500 000 теңге шығын келді.
Жылыту маусымы кезеңінде өрттер мен төтенше жағдайлардың алдын алу, адамдардың қаза болуы және жарақат алу қауіп қатерін азайту және болдырмау мақсатында №10, №12 Өрт сөндіру бөлімшелері Сағыз жеке құрамымен 2011 тұрғын үй секторларына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Тұрғын үй секторларын аралау кезінде электр желілері мен газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі жөнінде тұрғындарға түсінік жұмыстары жүргізіліп, «Тұрғын үй секторларындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, 428 адамның қатысуымен 6 округте жиналыс болып, 23 мекемеге үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, 165 адам нұсқаудан өткізілді. Бөлім жоспарына сай, 5 нысанға өрт –техникалық тексеріс жұмыстары жүргізіліп, 4 лауазымды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, ұйғарымдар берілді. Қарапайым ережелерді сақтай отырып, Сіз өзіңізді және өз мүліктеріңізді өрттен қорғай аласыз.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері отты қолдануда сақ болуды ескертеді. Егер сіз өрт куәгері болсаңыз, дереу 101, 102 нөміріне хабарлағаныңыз дұрыс. Сіздің тұрғын үйіңіз, мүлкіңіз, Сізге жақын адамдардың өмірі өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауға деген көзқарасыңыз бен ниетіңізге байланысты екендігін ұмытпаған абзал.
Ақнұржан АҚЖІГІТОВ,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы,
Азаматтық қорғау майоры
Сурет: ашық дереккөзден