Қызылқоғада екі күнде 11 мың 530 гектар құрғақ шөп өртенді

2020 жылғы 12 шілдеде сағат 12:25-те Атырау облысы Қызылқоға ауданында Сағыз а/о-нен 70 шақырым жерде Тасқұдық елді мекенінде құрғақ шөп өртенді.

Өрт сағат 23:25-те ауыздықталып, сағат 00:30-да толықтай сөндірілді.

Өрттің алдын ала себебі - найзағайдың соққысы. Өртті сөндіруге Мұқыр а/о 15 адам және 1 бірлік техника, Қайнар кен орны 5 адам және 1 бірлік техника, Кенбай кен орны 5 адам және 1 бірлік техника ерікті өрт сөндіру жасақтары жұмылдырылды.

2020 жылғы 12 шілдеде сағат 12:30-да Тасшағыл а/о-нен 36 шақырым жерде, Қызылқоға ауданында Апантай, Жапалақ-1,2, Қособа, Әжібай, Қарағай, Ұшақ ұшы, айғыр шағыл, Жуалы, Қосбиек, Шәріп, Әмір, Байқоңыр учаскелерінде құрғақ шөп өртенді. Өрт сағат 03:30-да ауыздықталып, 04:20-да толығымен сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі - найзағайдың соққысы.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД-нен 7 қызметкер мен 1 бірлік техника және Тасшағыл а/о 16 қызметкер мен 5 бірлік техника, Көздіқара а/о 5 қызметкер мен 2 бірлік техника, Миялы а/о 5 қызметкер мен 2 бірлік техника ерікті өрт сөндіру жасақтары жұмылдырылды. 13 шілде 2020 жылы жергілікті уақыт бойынша сағат күндізгі үш шамасында Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округінен 15 шақырым жерде дала өрті тіркелді.

Аумағы 650 гектар құрғақ шөптің жануы Қарағай, Қарақұдық, Байбек, Әжібай учаскелерінде болды. Ерікті өрт сөндіру құралымының 80 адамы,10 бірлік техника көмегімен тез таралатын жалынмен күресті. Сағат 23:20-да өрт толықтай жойылды. Барлық жағдайда зардап шеккендер жоқ және елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

Атырау облысы ТЖД ескертеді! Қатты ыстық ауа райына байланысты далада өртінің шығу қаупі өте жоғары! Абай болыңыз және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.

Атырау облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21