Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға қайырымдылары ауруханаға 2 милллионның аппаратын табыстамақ

Әлем бойынша таралған індет біздің елімізді де шарпуда. Осы тұрғыда, өзіміздің Атырау облысы мен аталмыш облысқа қарасты аудандарда да кеңінен таралуда.

Аты жаман қауіпті дерттің алдын алу мақсатында көмек қолын созып, қайырымдылық танытып жатқан ел ағалары мен еріктілер де аз емес.

Осы орайда, "Қызылқоға - құтты мекен" қайырымдылық қорының төрағасы Ризабек Амантаев:

- Елімізде болып жатқан ахуал барлығымыздың дерлік дегбірімізді әбден қашырды. Әрине, ажал құрғыр сенің атағыңа да, абыройың мен сән-салтанатыңа қарамайды. Бұл қауіпті індеттің бар екеніне күмәнмен қарау дұрыс емес деп есептеймін. Оның себебі айдан анық болып тұр дәл қазіргі жағдайда. Осы ретте, елім деп, халқының амандығына алаңдаған ауыл ағалары, кәсіпкерлер, еріктілер жалпы аудан халқы болып қайырымдылық жасау мақсатында қаржы жинаған болатынбыз.

Әрине, ешкім қарап қалған жоқ. Аз уақыттың ішінде қайырымды жандардан барлығы 2 миллион 318 мың теңге қаржы жиналып, оның 1 миллион 700 мың теңгесіне тыныс алу аппаратына тапсырыс беріліп, ақшасын аударып қойдық. Сондай-ақ, оның 350 мың теңгесіне әрқайсысы 35 мың теңге тұратын Импульсті оксиметрге тапсырыс берілді. Әрине, барлық ақпаратты халықпен бөлісіп отырмыз. Аталған құрылғыларды келген бойда, аудандық ауруханаға табыстайтын боламыз,-дейді.

Ендеше, ауырмаңыздар, ағайын! Денсаулық – ол құдайдың сіз бен бізге берген аманаты. Сондықтан да өздеріңізді сақтап, жақыныңызға жанашыр болыңыз дейміз.

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521