Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша Қызылқоға ауданында дала өртінің төртінші оқиғасы орын алды.
2020 жылғы 14 шілдеде сағат 13:50-де Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан 60 шақырым жерде құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен кезде жалпы ауданы 5 мың гектар Ойтан, Лұқпан, Қазанқап, Теміршағыл, Айыртау учаскелері жанып жатқаны анықталды. Атырау облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ жеке құрамынан 7 адам мен 1 бірлік техника, сондай-ақ ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 29 адам мен 11 бірлік техника күшімен 01:55-те өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Атырау облысы ТЖД ескертеді!
Табиғатты қорғаныңыздар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!
Атырау облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы