Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада су тасуы мүмкін бе?

2021 жылдың 23-25 наурыз күндері қалың қардың еріп, жаңбырдың қатты жаууына байланысты Миялы, Сағыз, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округтерінде кейбір көшелерін су басып, тұрғын үйлерге су кіріп кету қаупі төнді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиевтың айтуынша, осы төтенше жағдайды жою мақсатында аудан әкімінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №69 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі аудандық жедел штаб құру туралы» өкімімен аудандық жедел штаб құрылды.

Қазіргі таңда кезекшілік ұйымдастырылып жедел штаб аудандағы күш-құралдарды іске қосылып 2 вакуум КамАЗ, 1 тиегіш эксковатор, 1 ГАЗ-66 ямобур, 1 Урал самосвалы, 5 мотопомпа және 35 адамнан құралған жеке құрам жұмылдыры. Әрбір үйдің ауласына жиналған суларды арнайы техникалармен сору жұмыстары жүргізілуде. Қауіп төніп тұрған тұрғын үйлер айналасына қапшықтарға топырақ толтырылып, бөгеттер соғылып жатыр.

Апатқа ұшыраған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жоқ. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары судың Сағыз ауылынан 1 шақырым қашықтықта Ақтөбе-Атырау тас жолының айналма жол бойында уақытша салынған көпір үстінен өтуіне байланысты мәлімдеме жасады.

- 25 наурыз күні «Ноғайты» өзені қардың күрт еруі салдарынан қатты деңгейде келіп, Сағыз ауылынан 1 шақырым қашықтықта Ақтөбе-Атырау тас жолының айналма жол бойында уақытша салынған көпір үстінен өтіп кеткен. «ШанхайКонстракшнГрупп» ЖШС-нің техникаларымен көпірді су деңгейінен биіктетіп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, таңертеңгі сағат 08:00 шамасында аталған уақытша көпір үстімен көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Әзірге қауіп жоқ, - деді Жарас Есенғалиев.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT