Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда 29 наурыздан бастап карантин күшейтіледі

Атырауда базарлар жексенбіде жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырауда карантиндік шектеу шаралары күшейтілетінін жазған едік. 29 наурыз күні сағат 00:00-ден күшіне енетін жаңа қаулыға сәйкес, ашық және жабық базарлардың, сондай-ақ сауда үйлері мен сауда орталықтарының жұмыс кестесіне өзгеріс енгізіледі.

Азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін ашық болады.

Сенбі және жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынып отыр. Ал азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлар жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады.

Жексенбіде – жабылады.

«Сауда үйлері мен сауда орталықтарына (павильондар, бутиктер), сауда желілеріне, азық-түлік емес дүкендерге сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес) жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Нысандар ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сенбі және жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады», - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Дереккөз: inform.kz

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT