Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қызылқоға ауданы әкімінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі №225 өкімімен Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Есенғалиев Жарас Мағазұлы тағайындалды.

Есенғалиев Жарас Мағазұлы 1984 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «информатика», 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетін «құқықтану бакалавры» біліктіліктері бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы «Миялы Сервис» коммуналдық қазыналық кәсіпорнында оператор болып бастаған.

2003-2004 жылдары «Казпошта» акционерлік қоғамында, оператор;

2004-2006 жылдары «Есенгалиев» жеке кәсіпкерінде программист-оператор;

2007-2009 жылдары Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте инженер;

2009-2010 жылдары «МемЖерҒылӨнОрталығы» Атырау еншілес мемлекеттік Қызылқоға аудандық жер кадастрында маман;

2009-2010 жылдары Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман;

2010-2012 жылдары Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру кадр және мемлекеттік құқықтық бөлімінде бас маман;

2012-2013 жылдары Индер аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы;

2013-2014 жылдары Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2014 жылдың мамыр айынан тамыз айлары аралығында Атырау облыстық Дін істер басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшы;

2014-2016 жылдары «Руханият әлемі» облыстық-ақпараттық танымдық газетінде бас редактор;

2016-2018 жылдары Мақат ауданы әкімінің аппаратында аудан әкімінің көмекшісі, аппарат басшысы;

2018-2019 жылдары Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2019 жылдан бастап Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

2009 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521