Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫСТАҚТАҒЫЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

    Бүгінгі сайлауда аудан бойынша ең шағыны - Соркөл елдімекенінің кітапханасында орналасқан №164г учаскелік сайлау комиссиясы. Алшын Омаров төрағалық ететін аталмыш комиссия құрамында 5 адам 87 дауыс берушіге қызмет етуде.

    Сайлаушылардың басым бөлігі Соркөл, Сарқұмақ елді мекендерінің тұрғындары болса, қалғаны Қызылбұлақ пен Көкбұлақ қыстақтарының тұрғындары. Дауыс берушілердің басым бөлігі түске дейін өз таңдауын жасап үлгерген. Ал, келу мүмкіндігі жоқ қыстақ тұрғындарына дауыс беру жәшігін апару арқылы таңдау жасатқан.
    - Қарбалас тірліктен қолдары тие бермейтін қыстақ тұрғындарына екі учаскелік сайлау комисия мүшесі арнайы дауыс беру жәшігін алып барды. Елдегі саяси науқаннан тыс қалғысы келмеген тұрғындар бұл өте тиімді болғандығын айтып, дауыстарын берді,-дейді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Алшын Омаров.

Дулат Мәтжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT